alemdaneker
Тегін психологиялық көмек әр адамға қолжетімді!
Қиындықтарды жалғыз көтермеңіз – бізбен бірге болыңыз! Біз психологиялық қолдау мен кеңес беруді тегін ұсынамыз.
Құпия түрде
Онлайн кеңес. Жүректен жүрекке арналған көмек.
Кәсіби мамандар
Тәжірибелі, білімді психологтар көмек береді.
Тегін
Сізге тегін психологиялық көмек көрсетеміз.
Әр адамға қолжетімді және сапалы психологиялық көмек көрсету.
Миссия
Жеке кеңестер, топтық сессиялар, онлайн-психотерапия және шұғыл психологиялық көмек.
Бағыттарымыз
Біз туралы
Кез-келген уақытта
Өзіңізге ыңғайлы уақытта хабарласасыз.
Бізге хабарласыңыз
Сіз үнемі алаңдайсыз ба, болашақтан қорқасыз ба, өмірдің қиындықтарына төтеп бере алмаймын деп қорқасыз ба? Біз сізге қолдау көрсете аламыз, бізге хабарласыңыз.
Бізге хабарласыңыз
Қарым-қатынасты қалпына келтіруге күшіңіз болмаса, қарым-қатынасты жақсартуға үмітіңіз болмаса, қорытынды жасауға асықпаңыз, бізге хабарласыңыз.
Бізге хабарласыңыз
Сіздің ауруыңыз сізді шаршатса, үмітіңізді үзбей, бізге хабарласыңыз, біз сізге қолдау көрсетеміз.
Бізге хабарласыңыз
Қиыншылық болғанда жеке қалып қалмаңыз. Бізге хабарласыңыз, ауырпалықтың бәрін өзіңіз көтермеңіз.
Бізге хабарласыңыз
Қалай өмір сүру керектігін білмей жатсаңыз, өмір сүруден көңіліңіз қалса, берілмеңіз, бізге хабарласыңыз, сіз жеңіп шыға аласыз!
Бізге хабарласыңыз
Өмір туралы жалпы сұрақтарыңыз болса — лайықты жауап алуға көмек бере аламыз!
Анонимді түрде
Кеңес беру құпия түрде жүзеге асады, әңгіме тек сіз және сізге кеңес беретін маман арасында ғана.
Өзіңіз қаламасаңыз есіміңізден басқа ақпарат қажет болмайды.
Қызметтеріміз
Топтық қолдау сессиялары:
Әр түрлі тақырыптарға арналған топтық онлайн-жиындар.
Онлайн-психотерапия:
Үйден шықпай-ақ психологиялық көмек алу.
Шұғыл көмек:
Шұғыл қолдау қажет болған жағдайда жедел байланыс.
Жеке кеңес беру:
Білікті психологтармен жеке сессиялар.
Уайымдамаңыз
Егер сіз қиыншылыққа тап болсаңыз немесе сондай қиыншылық өмірімде орын алуы мүмкін деп уайымдасаңыз
Ерте ме, кеш пе, әр адамның өмірінде қиыншылықтар орын алуы мүмкін және кейде сондай оқиғалар үмітсіздікке әкелуі мүмкін. Жақын адамын кенеттен жоғалту, жұмысынан айырылу, жауапсыз махаббат, сатқындық, туыстармен қарым-қатынастағы қиыншылықтар, ауру, қиын қаржылық жағдай үмітсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз және қайдан көмек сұрайтыныңызды білмесеңіз, біздің ұсыныстарымызға құрақ асыңыз. Ең алдымен, біз Сізге анонимді, тегін психологиялық кеңес беруді көздейміз. Ал содан кейін, қажет болса кеңес беретін маманның ұсынысымен, онымен бетпе-бет кездесе аласыз. Есіңізде болсын, мәселеңіздің шешілуіне неғұрлым тезірек жол берсеңіз, оны шешу оңайырақ болады.
Өзіңізге деген сенімді қалай арттыруға болады?
Адам үшін өзіне деген сенімділікті дамыту — қажетті және маңызды іс, бірақ кейде оңай болмайды. Егер өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып алсаңыз, іс жүзінде кеңес беріп, көптеген адамдарға қол ұшын созған мамандардың көмегіне жүгіне аласыз. Дәл осы бағыт практикалық психология саласына жататындықтан, біздің кеңестеріміз келесідей болады: «Жәбірленуші» позициясынан шығу, өз өміріңіздің «Авторы» позициясын көшу, дамыту. Осылай істеуді ережеге айналдырыңыз — мысалы, қиын жағдайда, өзіңізді аяу, ашулану, басқаларды кінәлау немесе ренжудің орнына, сол жағдайдан шығатын мүмкіндікті іздеңіз. Ол үшін ең алдымен сол жағдайға дұрыс баға беруді үйреніңіз. Кез келген жағдайдың «зиянды» жағы ғана емес, «ұтымды» жақтары да болуы мүмкін.
Әзілхан Нұршайықов
Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады
Жақсы сөз – жарым ырыс
Абай Құнанбайұлы
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Блез Паскаль
Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ
Біздің мамандар
Алтын Табылдыевна
  • Әлеуметтік білім бакалавры. Отбасы және қарым-қатынас мәселелерін шешуде маманданған.
  • Доктор Чарльз Аллан Кодлар әзірлеген ПКНР бағдарламасы бойынша тренингтен өткен, қарым-қатынас пен неке мәселелерінде кеңес беруде тәжірибелі маман.
Акимбекова Толғанай
  • Тәуелді адамдармен жұмыс істейтін сертификатталған консультант
  • Мен — 5 жылдық тәжірбиесі бар консультантпын. Менің мақсатым — сізге тәуелділіктерді жеңуге және өміріңізге бақылауды қайтадан алуға көмек көрсету. Жеке көзқарас пен заманауи әдістер қиындықтарды тиімді шешуге көмектеседі. Қалпына келу жолында көмек алу үшін хабарласыңыз.
АЛИЯ МУСАЕВА
  • Сертификатталған отбасы психологы. "ProZOP - Заманауи Отбасы Психологиясы: кәсіби дайындық" курсын аяқтаған.
  • Отбасылық кеңес беру, жеке және отбасылық мәселелерді шешу бойынша маманданған, отбасымен жұмыс істеуде заманауи психологиялық әдістерді қолданады.
Подкасттар
Басты бет
Мамандар
Подкасттар
Мақалалар
Made on
Tilda