Бізге хабарласыңыз

Қиын-қыстау кезеңнен шығуға көмектесеміз

wing-light

Құпия түрде

Онлайн кеңес. Жүректен жүрекке арналған көмек.

Тегін

Сізге тегін психологиялық көмек көрсетеміз.

Кез-келген уақытта

Өзіңізге ыңғайлы уақытта хабарласасыз.

Кәсіби мамандар

Тәжірибелі, білімді психологтар көмек береді.

Біз туралы

Дәнекер қоры Сізге тегін психологиялық көмек көрсетуге дайын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде ерекше жаратылғанын ескеріп, оған лайықты қызмет көрсетуді мақсат етеміз.

Тегін онлайн кеңес беру

Кеңес беру құпия түрде жүзеге асады, әңгіме тек сіз және сізге кеңес беретін маман арасында ғана. Өзіңіз қаламасаңыз есіміңізден басқа ақпарат қажет болмайды.

Бізге хабарласыңыз

Сіз үнемі алаңдайсыз ба, болашақтан қорқасыз ба, өмірдің қиындықтарына төтеп бере алмаймын деп қорқасыз ба? Біз сізге қолдау көрсете аламыз, бізге хабарласыңыз.

Бізге хабарласыңыз

Қарым-қатынасты қалпына келтіруге күшіңіз болмаса, қарым-қатынасты жақсартуға үмітіңіз болмаса, қорытынды жасауға асықпаңыз, бізге хабарласыңыз.

Бізге хабарласыңыз

Сіздің ауруыңыз сізді шаршатса, үмітіңізді үзбей, бізге хабарласыңыз, біз сізге қолдау көрсетеміз.

Бізге хабарласыңыз

Қиыншылық болғанда жеке қалып қалмаңыз. Бізге хабарласыңыз, ауырпалықтың бәрін өзіңіз көтермеңіз.

Бізге хабарласыңыз

Қалай өмір сүру керектігін білмей жатсаңыз, өмір сүруден көңіліңіз қалса, берілмеңіз, бізге хабарласыңыз, сіз жеңіп шыға аласыз!

Бізге хабарласыңыз

Өмір туралы жалпы сұрақтарыңыз болса — лайықты жауап алуға көмек бере аламыз!

d-block-picture

Егер сіз қиыншылыққа тап болсаңыз немесе сондай қиыншылық өмірімде орын алуы мүмкін деп уайымдасаңыз

Ерте ме, кеш пе, әр адамның өмірінде қиыншылықтар орын алуы мүмкін және кейде сондай оқиғалар үмітсіздікке әкелуі мүмкін. Жақын адамын кенеттен жоғалту, жұмысынан айырылу, жауапсыз махаббат, сатқындық, туыстармен қарым-қатынастағы қиыншылықтар, ауру, қиын қаржылық жағдай үмітсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз және қайдан көмек сұрайтыныңызды білмесеңіз, біздің ұсыныстарымызға құрақ асыңыз. Ең алдымен, біз Сізге анонимді, тегін психологиялық кеңес беруді көздейміз. Ал содан кейін, қажет болса кеңес беретін маманның ұсынысымен, онымен бетпе-бет кездесе аласыз. Есіңізде болсын, мәселеңіздің шешілуіне неғұрлым тезірек жол берсеңіз, оны шешу оңайырақ болады.

d-block-picture

Өзіңізге деген сенімді қалай арттыруға болады?

Адам үшін өзіне деген сенімділікті дамыту — қажетті және маңызды іс, бірақ кейде оңай болмайды. Егер өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып алсаңыз, іс жүзінде кеңес беріп, көптеген адамдарға қол ұшын созған мамандардың көмегіне жүгіне аласыз. Дәл осы бағыт практикалық психология саласына жататындықтан, біздің кеңестеріміз келесідей болады: «Жәбірленуші» позициясынан шығу, өз өміріңіздің «Авторы» позициясын көшу, дамыту. Осылай істеуді ережеге айналдырыңыз — мысалы, қиын жағдайда, өзіңізді аяу, ашулану, басқаларды кінәлау немесе ренжудің орнына, сол жағдайдан шығатын мүмкіндікті іздеңіз. Ол үшін ең алдымен сол жағдайға дұрыс баға беруді үйреніңіз. Кез келген жағдайдың «зиянды» жағы ғана емес, «ұтымды» жақтары да болуы мүмкін.

Ұлағатты сөздер

Жақсы сөз – жарым ырыс

block icon

Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады

Әзілхан Нұршайықов
block icon

Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан. Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.

Абай Құнанбайұлы
block icon

Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ

Блез Паскаль

Мақала

Аптаның ең жаңа мақалаларымен таныс болыңыз